Зиялы қауымның беделді өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, театр, музыка және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 7 жұмысты қарады.
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ұсынылған еңбектердің қоғамдағы талқылану барысы туралы баяндама жасады.
Комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған туындыларға қатысты ортақ келісімге келе алмады.
Сондай-ақ отырыс барысында Комиссия қызметін жетілдіру, атап айтқанда, жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды.
Осылайша, биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды.
Еске салайық, бұған дейін «Тұмар» мен «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары анықталғанын хабарлағанбыз.