Биыл алғаш рет оқу ақысының жартысын мемлекет төлеп беретін грант пайда болды

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынан хабарланды. 

Сараланған гранттар дегеніміз —  оқу ақысының 50% төленетін гранттар.

Сараланған 300 грант екі бағыт бойынша бөлінген:

  • «Педагогикалық ғылымдар» — 150 грант;
  • «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» — 150 грант.

Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет.

Ешқандай қосымша құжат қажет емес.

Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады.