2024 жылдың мамырымен салыстырғанда (31 071) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесінің саны 6%-ға өсті.
Мәміле саны бойынша бұрынғысынша Алматы (5 937 — 18%) және Астана (4 812 — 14,6%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 716 — 8,2%) көш бастап тұр.
Ең азы Ұлытау облысында — 342 (1%).
2024 жылдың мамырымен салыстырғанда маусымда ең үлкен өсім Батыс Қазақстан (+77,3%), Солтүстік Қазақстан (+38,1%) және Атырау (+22,8%) облыстарында тіркелді.
Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу көшбасшылыққа қарамастан Алматы қаласы (-7,6%), Жетісу облысы (-6,9%) және Шымкент қаласында (-4,6%) болды.
2024 жылдың мамырымен салыстырғанда, көппәтерлі үйдегі тұрғын үй мәмілесінің саны 6,3%-ға (1 482 мәмілеге) көбейді.
2024 жылдың маусым айында пәтер бойынша барлығы 24 885 мәміле жасалды, бұл — мәміленің жалпы санының 75,5 пайызы.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (22,3%), Астана (18,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (9%) тиесілі.
Бөлме саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың маусым айында олар бойынша 9 643 мәміле ресімделген.
2024 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 2024 жылдың маусымында жеке тұрғын үйлер бойынша мәміле саны 5,1%-ға немесе 390 мәмілеге артты.
Маусымда барлығы 8 058 мәміле тіркелген.
Ең жоғарғы өсім Атырау (+64,1%), Батыс Қазақстан (+52,6%) және Ақтөбе (+45,8%) облыстарында байқалды.
Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Ұлытау (-22,7%) облысында, Алматы (-21,7%) қаласында және Ақмола (-11,7%) облысында көрініс тапты.
2024 жылдың маусымында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 10,3%-ға көбейген, ол кезде 29 880 мәміле ресімделген болатын.
Мәміле санының ең жоғарғы өсімі Батыс Қазақстан облысында (71,6%-ға) байқалды, ең үлкен төмендеу — Қызылорда облысында (19,5%-ға).
Қаңтар-маусым айларында былтырғымен салыстырғанда динамика 15,2%-ға жоғарылады.