«Қалалық психикалық денсаулық орталығы жүргізген Астана қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың суицидтік әрекеттері мониторингінің деректері бойынша ағымдағы жылдың 9 айында Астана қаласында кәмелетке толмағандар арасында 83 суицид жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Оның ішінде 81,3% - қыздар», - деді Әлия Рүстемова қалалық мәслихаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың суицидке баруына себеп болатын жайлардың ішінде отбасындағы жанжал бірінші орында тұр.
«Одан бөлек, 32 жағдайда немесе 38,6% құрдастары немесе достарымен жанжалдасу себеп болған. Депрессия 9 жағдай немесе 9,6%. Бізде балалар суицидологы жұмыс істейтін №3 қалалық емханада балалар үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеттері жұмыс істейді», – дейді ол.