«Дегенмен профилактикалық егудің төмен көрсеткіштері кейбір инфекциялардың өсуіне әкелді. Мысалы: қызылша, көкжөтел және А вирустық гепатиті. Жыл басынан бері үш айда қызылшаның 1063 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейін 734 бала ауырған. Науқастардың 84% қызылшаға қарсы егілмеген», - деді С. Бейсенова Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
2023 жылдың қараша айынан бастап елордада қосымша 114 464 адам екпе алды, бұл 94,6% құрайды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарында 2248 адам егілді.
Бұл шаралар наурыз айында қызылша ауруының қаңтар айымен салыстырғанда 1,4 есе, ал 1-4 жастағы балалар арасында – 1,5 есе төмендеуіне әсер етті.
Айта кетейік, елімізде 11 инфекцияға қарсы барлық міндетті екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 11 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы екпе салына бастайды.