«Биыл Президент саябағы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар Есіл өзенінің жағалауын абаттандыруды, яғни Амман көшесінен Сарайшық көпіріне дейін, сол сияқты Бейбітшілік және келісім саябағын, Мәңгілік Ел даңғылына (Орынбор көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.
Одан бөлек, елорда әкімі «Мыңжылдық аллеясы» маңындағы бірқатар көше бойында абаттандыру жұмысы басталатынын айтты.
«Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, К. Әзірбаев көшесінің және Тәуелсіздік даңғылы бойын абаттандырудың бірінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.
Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, Астанада соңғы 5 жылдың ішінде көгалдандыру алаңы бір тұрғынға шаққанда 14 шаршы метрден 19 шаршы метрге дейін ұлғайған.
Сонымен қатар былтыр қала аумағында 165 қоғамдық және аулалық кеңістік абаттандырылған.