Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, атамекенінге көшіп келген қандастарды уақытша орналастыру орталығы бар.
«Қандастардың басым бөлігі – 171 отбасындағы 218 қазақ Өзбекстан Республикасынан келді. Ресей Федерациясынан 35 отбасы (44 адам), Қытай Халық Республикасынан 1 отбасы (1 адам), Түркіменстан Республикасынан 3 отбасы (7 адам) және Монғолия Республикасынан 2 отбасы (2 адам) атамекеніне оралды.
Атырау қаласына - 180, Жылыой ауданына - 27, Мақатқа – 4, Индер ауданына 1 отбасы қоныстанды. Тұрғын үй кезегінде 43 қандас тіркеуде тұр. Жұмыспен қамту орталықтарында 22 қандас жұмыссыз ретінде тіркелді. Тұрақты жұмысқа 1 қандас орналасты. Жұмыссыздар есебіндегі 4 қандас «Бастау Бизнес» жобасымен оқыту курсынан өтіп, арнайы сертификат алды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр Атырау облысына көшіп келген 311 этникалық қазақ қандас мәртебесін алғанын жазған болатынбыз.