Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, оның 290-ы қоғамдық орында балағат сөз қолдануға қатысты болса, 283 іс әлеуметтік желідегі жазылған және айтылған былапыт сөздерге қатысты.
Жалпы аталған істер бойынша 474 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 284 адамға әкімшілік қамақ жазасы тағайындалып, 190 азаматқа айыппұл салынған.
– Былтыр бір жылдың ішінде 787 істі қарадық. Биыл қоғамдық орындарда былапыт сөйлеуге, сондай-ақ TikTok, Instagram, қазір танымал болып жатқан Threads әлеуметтік желілерінде балағат сөз жазуға және адамның ар-намысына тиген сөздерге қатысты істер тіркелуде,- деді Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Гүлжан Азамат.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілерде көбіне лауазымды тұлғаларды балағаттап, ар-намысына тиетін жазбалар жариялау фактілері кездеседі. Мұндай жағдайлар полицияның әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде анықталады.
Ал қоғамдық орындарда былапыт сөз қолдану көбіне жастар арасында кездеседі. Әсіресе қыз бен жігіт арасындағы жанжал, сондай-ақ көршілер арасындағы дау-дамай балағат сөзге ұласып, соңы сотқа дейін жететін жағдайлар бар.
Мамандар азаматтарға әлеуметтік желідегі жазбалары мен тікелей эфирдегі сөздеріне де жауапкершілік бар екенін ескертеді. Яғни заң алдында тек айтылған сөз ғана емес, жазылған немесе бейнежазба арқылы жарияланған балағат сөз де жауапсыз қалмайды.
Бұған дейін Семейде TikTok эфирінде былапыт сөз айтқан әйел сотталғанын жазған едік.