«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде ел аумағында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Өткен жылы 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар 7 жобаның мерзімге сай бітпеді. Биыл 556 медициналық объектіні пайдалануға беру қажет. Қазір 239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және 317 жоба сараптамадан өтіп жатыр», - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, аталған нысандарды салуға қосымша 99,6 млрд теңге қаражат қажет.
Сондай-ақ, А. Әлназарова құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс медициналық нысандардың саны мен мерзімін атап көрсетті:
7 нысан – биыл маусым (2023 жылы құрылыс бітпеген нысандар);
210 нысан – қазан;
226 нысан – қараша;
120 нысан – желтоқсан.
Айта кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов ауылдағы медицина объектілерінің құрылысын сынға алған еді.