Биыл автомобиль жолы саласында 24 қылмыстық іс тіркелген
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл автомбиль жолы саласында 24 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көлік министрлігімен бірлесіп, жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Мәселен, соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда. 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының сапасыздығына қатысты 20 мыңнан астам шағым түсті. Осы жылдың басынан бері ғана агенттік аталған салада 24 қылмыстық істі тіркеді», — деді Данияр Бигайдаров.
Мәселен, оның дерегінше, осы жылдың 30 қазанында Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы және ЖШС директорына қатысты үкім шығарды. Аудан әкімінің орынбасары және аудандық ТКШ бөлімінің басшысы аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін, ал ЖШС директоры пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
«Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы — 7 жылға, ЖШС директоры 3 жыл 6 айға сотталды. Бұдан басқа, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ» -, деді ресми өкіл.
2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға ел тұрғындары тарапынан сапасыз жолдарға қатысты 20 мыңнан астам шағым түскен. Тек осы жылдың өзінде ғана жол саласына қатысты 24 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.
Бүгін сондай-ақ, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы сотталғаны белгілі болды.