АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар комиссия шешімімен 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тағылымдамадан өту үшін қызметкерлер санаттарының тізімі бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.