«Әрине, ол өте маңызды жоба. Біз QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз, ол қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель. Қазіргі таңда Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Токендерді жинап жатырмыз, қазіргі уақытта 6 млрд-қа жуық токен жиналды. Біздің мақсат, жыл соңына дейін 100 млрд токен жинау. Биыл желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп отырмыз», - деді Жаслан Мәдиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, биыл ақпанда Қазақстанда ChatGPT чатының баламасы жасалатыны туралы хабарлаған едік.