2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Биыл елде тұрғын үй құрылысына қанша қаражат салынды

АСТАНА.KAZINFORM — Осы жылы жеке адамдар тұрғын үй құрылысына 2,3 трлн теңге қаражат салған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлім етті.

Фото: Kazinform/ЖИ

— Осы жылы алдын ала статистикалық деректерге сәйкес, тұрғын үй құрылысына 2,4 трлн теңге инвестиция бағытталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. Оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен — 104 млрд теңге, жеке тұлғалардың қаражаты есебінен — 2,3 трлн теңге, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, 2026 жылы 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 188 мың пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Алдын ала статистикалық деректерге сәйкес, 8 айдың қорытындысы бойынша 11,3 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 105,9 мың пәтер пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 55,3%-ын құрады. 

Бұған дейін апатты жағдайдағы үйлердің көбі қай өңірде екенін жазған едік.