«Биыл газдандыруды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек, Үкіметтің іс-қимыл жоспары аясында қосымша 105,4 млрд теңге қарастырылды. Бұл 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1700 шақырымнан астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Ведомство басшысының айтуынша, елді газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
«Оның ішінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін (2,7 трлн теңге), «Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбырын (548 млрд теңге), «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры салынбақ (131,7 млрд теңге). Сондай-ақ, еліміздің газ транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалану бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап өткім келеді», - дейді ол.