– 2026 жылға арналған жоспарда 18 жатақхананы (ЖОО студенттері үшін 5 366 орынға арналған 11 жатақхана және колледж студенттеріне арналған 1 491 орындық 7 жатақхана) пайдалануға беру көзделген, – делінген хатта.
Сонымен қатар мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары студенттерінің жатақханалармен қамтамасыз етілуін есепке алу бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық платформа құрылмақ.
– Жұмыс орталықтандырылған мониторинг жүргізу және тұратын студенттердің мәртебесін растау үшін «StudDom» АЖ-ны «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» АЖ-мен және жоғары оқу орындарының білім беру ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жолымен Жоғары аудиторлық палата нұсқамасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі. Жоспарланған аяқтау мерзімі – 2026 жылғы желтоқсан, – деп мәлімдеді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін депутат жатақхана орындарын бөлетін ұлттық цифрлық платформа құруды ұсынғанын жазғанбыз.