«Жалпы, қызметтердің 93 пайызы электронды түрде көрсетіліп жатыр. Былтырмен салыстырсақ, тек смартфон арқылы алатын қызметтердің саны биыл 6 есе өскен. Kaspi, Halyk сияқты танымал қосымшаларда 50-ден астам қызмет көрсетіледі. Олардың саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе артты. Біз проактивті қызметтерді де дамытып жатырмыз. Проактивті дегеніміз не? Ол - азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Оның түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты», - деді министр.
Оның атап өтуінше, биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электронды қызмет алу одан сайын жеңілдетіліп жатыр.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүние жүзінде 8-ші орында тұр. Әрине, біз бұнымен қанағаттанып қалмаймыз. Жұмысты одан әрі жетілдіре береміз», - деді Бағдат Мусин.