Биыл елордада 236 мыңнан астам кәсіпкер активтері туралы декларация тапсыруы тиіс
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Астанада тіркелген 236 мыңнан астам кәсіпкер мен олардың жұбайларында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Оның ішінде 70 597 (немесе 30%) декларация тапсырды, 165 404 (немесе 70%) жеке тұлғалар әлі тапсырған жоқ.
«Осы кезеңде активтерді декларациялау жөніндегі міндеттеме заңды тұлғалардың басшыларында, құрылтайшыларында (қатысушыларында), дара кәсіпкерлерде және олардың жұбайларында, оның ішінде әрекетсіз салық төлеушілерде және қызметін тоқтатқандарда туындайды», — делінген хабарламада.
2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы декларация (120 681 ЖТ) табыс етті, оның ішінде 3 246 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.