Өңір бойынша биыл барлығы 18 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту міндеті тұр.
- Биыл Павлодар облысында 18 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Оның ішінде 14 мың адам тұрақты жұмыс орындарына тұруы тиіс. 2026 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша 4,4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Өңірлік жұмыспен қамту картасы жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр, - деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова.
Аймақта жыл басынан бері 2,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 2,1 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс түрлерімен қамтылған. Тағы 1,2 мыңға жуық адам бос жұмыс орындары арқылы жұмысқа тұрған.
Еске сала кетейік, елімізде әрбір үшінші адам мамандық бойынша жұмыс істемейді.