Биыл фермерлерге 750 млрд теңге бөлінеді – «Бәйтерек» холдингі

АСТАНА. KAZINFORM — «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин осы фермерлерге қаражат бөлуге қатысты түсінік берді.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

- Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қолдау мақсатында «Кең дала 2» несиелеу бағдарламасы іске асырылып жатыр. Кредиттер 18 айға дейін мерзімге жылдық 5 пайызбен беріледі. Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру аясында 36 айға дейін мерзіміне ашылды. Бұл қарыз алушыға құжаттардың толық пакетін ұсынбай-ақ қайта кредит алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, фермерлерге ыңғайлы болу үшін кредиттік өтінімдерді онлайн қабылдайтын жүйе жұмыс істейді. 2026 жылғы маусымның көктемгі егіс және жинау жұмыстарына, жеңілдікпен кредит беруге өтінімдер өткен жылдың қазан айыннан қабылдана бастады. Қараша-желтоқсан айларында ерте қаржыландыруға 148 млрд теңге берілді, ал қазіргі уақытта кредиттің жалпы сомасы 534 млрд теңгеден асты, - деді Р.Карагойшин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, осы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кемінде 750 млрд теңге бөлінбекші, бұл 9 мың ауыл шаруашылық кәсіпкерін камтып, 9 млн гектар жерді игеруді қамтамасыз етеді.

- Айта кету керек, 2023 жылмен салыстырғанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландыру 5 есе өсті. Қарыз алушыларды көбірек қамту үшін кредит тікелей Аграрлық несие корпорациясының филиалдары арқылы және қаржы институттары арқылы да беріледі. Басқа қаржы институттары арқылы берілген барлық несиелердің үлесі шамамен 72%-ға жетті, - деді «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл елдегі жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектар болды.