АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы маусымда Қазақстан Бірінші лигасына қатысатын командалардың алдын ала тізімі белгілі болды.
Биыл Бірінші лигада «Ақжайық» (Орал), «Тараз»,«Каспий» (Ақтау),«Қыран» (Түркістан облысы), «Tүркістан», «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Арыс» (Түркістан облысы), «Ақсу» (Павлодар), «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісай» (Жетісай), «SD Family» (Астана), «Қайсар-жас» (Қызылорда), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Іле-Сәулет» (Алматы) командалары сынға түседі.
Өткен жылы Қазақстан Премьер-лигасынан «Каспий», «Ақсу», «Оқжетпес» командалары шығып қалса, олардың орнын «Елімай», «Тұран», «Жеңіс» командалары басты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ринат Алюетов «Тұран» командасының бас бапкері болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.