Биыл Қашағанда газ өңдеу зауыты іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде Қашағандағы қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты іске қосылатынын еске салды.
— 2026 жылы Қашағандағы қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты іске қосылады. Жаңаөзендегі 0,9 млрд текше метр «ҚазГПЗ» жобасы бойынша мемлекеттік қорытынды алынады. Қашағандағы 2,5 млрд текше метрлік ГӨЗ бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, бекітіледі, — деді министр.
Оның айтуынша, 2025 жылы газ өндіру көлемі 68,2 млрд текше метр болып, жоспар 8,6% артық орындалған.
Бұған дейін, министр Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу басталғанын мәлім еткен болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан 2025 жылы 78,7 млн тонна мұнай экспорттағанын айтты.
Бұдан бөлек, биыл да битум экспортына тыйым салынатыны белгілі болды.