Министрдің дерегінше, осы жылдың 3 айында 13,6 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,9 пайызды құрайды. 2026 жылға болжам — 62,7 млрд текше метр.
— Тауарлық газ өндірісінің көлемі 6,1 млрд текше метр немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 83,6 пайыз болды. 2026 жылғы болжам — 27,3 млрд текше метр. Тауарлық газды ішкі нарықта тұтыну көлемі 8,8 млрд текше метр немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 108,6 пайызды құрайды. 2026 жылға болжам — 22,6 млрд текше метр, — деді ол.
Оның айтуынша, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 0,72 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,3 пайыз болды. 2026 жылға болжам — 3,1 млн тонна.
— Газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік 2035 жылға дейін елдің жаңа перспективалы көмірсутек кен орындарын игеру жоспарын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп іске асырып жатыр. Аталған жоспарға сәйкес осы жылдың соңына дейін Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтау жоспарланған, — деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін биыл 3 айда жалпы ішкі өнім 3 пайызға өскенін жазған едік.