— Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі мен Каспий құбыр консорциумының мұнай инфрақұрылымына соққы жасалуы жағдайын ескере отырып, осы жылы 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, — деді Е. Ақкенженов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, еліміз биыл 76 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр.
Жақында министр мұнай мен газ өндіретін кен орнындағы жөндеу жұмыстарының уақыты өзгеруі ықтимал екенін мәлім етті.