Биыл Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Фото: Фото: Ұлттық олимпиадалық спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM - 19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық спорт комитеті.

Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

Осыған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан медальдар саны жөнінен үздік үштікке ілінгенін хабарладық.