Биыл қазақстандықтардың орташа айлығы 322 мың теңгеге жетті

Осы жылы жалдамалы жұмысшылардың орташа жалақысы - 322 мың 845 теңге. Оның ішінде ерлердің еңбекақысы - 361 мың 481 теңге, әйелдерде 285 мың 744 теңге, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Фото: Kazinform

Қазақстанда барлығы 3 млн 437 мың жалдамалы жұмысшы бар.

Ең жоғары жалақы Атырау облысында — 530 мың теңгеден астам.

Екінші орында Маңғыстау облысы — 469 мың теңге, үшінші орында — Ұлытау облысы (445 мың теңге.

Ал төменгі жалақы СҚО-да — 227 мың теңге.

Ресми деректерге сәйкес, жалпы экономикада биыл білім деңгейі бойынша қызметшілердің орташа жалақысы келесідей: орта білім — 230 мың 841 теңге, жоғары білім — 398 мың 214 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білім — 505 170 теңге.

«Жоғары білімнің болуы орта есеппен жалақыны 72,5%, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім оны тағы 27% арттырады. Алайда, экономикадағы жұмысшылардың 46,1% ғана орта білімі бары алаңдатады», - деп түсіндірді экономист Ғалымжан Айтқазин өзінің Telegram каналында.

Оның есебінше, Қазақстан экономикасында білім деңгейі бойынша ерлердің орташа жалақысы әйелдерге қарағанда 39% жоғары.

«Бәлкім, гендерлік жалақының мұндай айырмашылығы бала күтімімен әйелдердің жұмыс істеген сағаттарының санына байланысты болар. Өйткені, жалақы мөлшерлемесі бойынша мұндай айырмашылықтың болуы екіталай», - деп қорытындылады сарапшы.