Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруашылықтар барлық агротехнологияларды сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.
Мәселен, «Тан ЛТД» ЖШС алдыңғы қатарлы күріш шаруашылығында күріштің орташа өнімділігі 85 ц/га құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 ц/га жоғары.
Қытайлық компаниямен бірлесіп тамшылатып суару әдісін пайдалана отырып, 3000 га алқапта жүгері егу жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта бұл әдіс 800 га дақылға қолданылады.
Жалағаш ауданының «Ер-Әлі» ШҚ-да ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің жалпы ауданы 3500 га құрайды, оның 1300 га күрішпен қамтылған. Фермадағы күріштің өнімділігі рекордтық көрсеткішке жетеді - орташа есеппен 90 ц/га.
Аймақта күріштен басқа жоңышқа, картоп, көкөністер және басқа да дақылдар өсіріледі. Қарқынды бақтар салу бойынша жобалар белсенді дамып келеді.