Биыл Қызылорда облысындағы қай ауылдар табиғи газға қосылады

Фото: Нұрболат Нұржаубай

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысындағы 4 қала (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр) түгел, ал 222 ауылдың 56-сы табиғи ғазға қосылған. 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 2025 жылы газдандыру жобаларына 17,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 18 жоба жүзеге асырылды.

– Жыл басынан бері Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Нағи Ілиясов, Шаған, Дүр Оңғар, 21-бекет, Жансейіт, Сабалақ сияқты 11 елді мекен көгілдір отынға қосылды. 17 мыңға жуық тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Осылайша облысты газдандыру деңгейі 83%-ға жетті, - деді басқарма басшысы Медет Усаин. 

Биыл 14 жобаны жүзеге асыруға 4,7 млрд теңге бөлінді.

– Жыл соңына дейін Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл ауылдарына газ жетеді. Республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд теңге 19 жоба ұсынылды. Онда Қаракеткен, Далдабай, Бесарық, Бұқарбай батыр, Қосүйеңкі, Қараөзек, Қызылөзек, Қожабақы, Ақсуат елді мекендері қамтылған, - деді басқарма басшысы. 

Жуырда Астананы газдандыру жөніндегі ауқымды жоба аясында елорданың Шұбар елді мекені табиғи отынға қосылды