Биыл Көкшетауда ЖЭО құрылысы басталады

Фото: Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Одан бөлек, Семей мен Өскеменде жаңа ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевқа «Ресейдің Қазақстанда салатын жаңа ЖЭО жобалары бойынша жыл соңына дейін Көкшетауда құрылыс басталатыны рас па?» деген сауал қойылды. 

«Иә, бұны растаймын, биыл Көкшетауда ЖЭО құрылысын бастаймыз. Ал Семей мен Өскеменде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Жыл соңына дейін бекітуді жоспарлап отырмыз және кестеге сәйкес келесі жылы ЖЭО салуға кірісеміз. Бұл — газ отынымен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар көмір стансалары, яғни саптамаларды ауыстырған кезде ЖЭО-ның газбен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін режим», — дейді министр. 

Бұған дейін Энергетика министрі Қашағаннан 150 млрд доллар талап ету мәселесіне пікір білдірген еді. 

Үкімет отырысында сондай-ақ еліміздегі жанар-жағармай қоры сөз болды.