Мамандардың мәліметінше, оң динамика вакцинациялау және балаларды толықтырып иммундау жұмыстарының жүргізілуімен байланысты.
Сонымен қатар сырқаттанғандардың 88%-ы екпе алмаған балалар – 67 жағдай. Екпе алмаған сырқат балалардың ішінде:
– 69%-ы ата-аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуына байланысты вакцина алмаған;
– 22%-ында медициналық қарсы көрсетілім болған;
– 9%-ы екпе жасына жетпеген.
Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау көкжөтелдің алдын алудың және аурудың ауыр асқынуларының, әсіресе ерте шақтағы балалардың арасында, алдын алудың ең тиімді тәсілі болып қала беретінін еске салды.
Осылайша, биылғы 4 айда көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациялаумен 178,9 мың бала қамтылды. Оның ішінде:
– 1 жасқа дейінгі 51,6 мың бала;
– 1 жастағы 46,7 мың бала;
– 6 жастағы 80,7 мың бала.
Бұдан бөлек, белгіленген мерзімде екпе алмаған балаларды толықтырып иммундау жалғасып жатыр. Жыл басынан бері көкжөтелге қарсы вакцинациялаумен екпе алмағандар қатарынан 18 жасқа дейінгі 64,6 мың бала мен жасөспірім қосымша қамтылды. Бұл жұмыс қолда бар вакциналар көлемін пайдалана отырып жүргізіліп жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдармен бірлесіп, инфекциялық аурулардың, оның ішінде көкжөтелдің алдын алу мәселелері және профилактикалық екпелерді уақытылы алудың маңыздылығы бойынша халық арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, маман бала көкжөтелмен ауырмау үшін дер кезінде екпе алу маңызды екенін айтқан еді.