Биыл Құрлықтық хоккей лигасында қанша команда сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасының 2026/2027 жылғы маусымында қанша команда сынға түсетін болды.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Алдағы маусымға барлығы 22 команда қатысады. Олардың қатарында елордалық «Барыс» та бар. Командалар жылдағыдай Шығыс және Батыс конференциясына бөлінген. 

Шығыс конференциясына Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург), «Ак Барс» (Қазан), «Металлург» (Магнитогорск), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябі), «Авангард» (Омбы), «Адмирал» (Владивосток), «Амур» (Хабаровск), «Салават Юлаев» (Уфа), «Сибирь» (Новосібір) және қазақстандық «Барыс» енгізілген.

Батыс конференциясында Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Спартак» (Мәскеу), «Торпедо» (Нижний Новгород), «Лада» (Тольятти), «Сочи», «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив» (Ярославль), «Северсталь» (Череповец), ЦСКА (Мәскеу), Беларусьтің «Динамо» (Минск), Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» командалары сынға түседі.

Он тоғызыншы мәрте жалауын көтеретін дүбірлі дода 2026 жылдың қыркүйек айында басталады.

Айта кетсек, биыл Құрлықтық хоккей лигасында «Локомотив» (Ярославль) командасы Гагарин кубогының иегері атанды. Олар жалпы серияда «Ак Барс» (Қазан) командасын 4:2 есебімен жеңді.

Еске салсақ, биыл елордалық «Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ. 

Ал ресейлік маман Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметін жалғастырады.