«Мал азығына келер болсақ, қазіргі уақытта 24,2 млн тонна шөп дайындадық. Бұл – 98 пайыз. Бүгінде сабан мен пішендеме жинау жұмысы жүріп жатыр, сүрлеме де жоспарға сай көмілді. Жем-шөпке қатысты жалпы Павлодар облысы бойынша мәселе бар. Дегенмен бұл өңірде 98 пайыз қамтамасыз етілген. Көрші облыстардан ол жаққа қанша қажет болса, сонша қосымша жіберіледі», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол сапасыз астық мал азығына жіберілетінін баса айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, бүгінде астыққа қатысты жайт өте күрделі. Ешқандай сұрыпқа жатпайтын астық көп. Сондықтан мал азығына қатысты мәселе болмайды», - деді Айдарбек Сапаров.