99 пайыз грант 4 жылда тұңғыш рет игерілсе, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген.
Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 1 890 грант бөлінген.
Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген.
Айта кетер жайт, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 10 000 адамға артық көрсеткіш.
Еске сала кетейік, бүгін грант иегерлерінің тізімі жарияланды.