08:37, 18 Маусым 2025
Биыл оңтүстіктегі диқандарға су былтырғыдан 335 млн текше метрге артық берілді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК филиалдары Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының диқандарына 3 млрд 73 млн текше метрден астам су берді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.