Биыл Өзбекстаннан Астана мен Түркістанға қатынайтын автобус маршруты ашылады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл Өзбекстан 10 жаңа халықаралық автобус маршрутын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Фото: t.me/Mintrans_uz

Өзбекстанның Көлік министрлігінен мәлім еткендей, мына бағыттар бойынша автобус қатынасын жолға қою жоспарланған:

• Бұхара - Астана;

• Самарқанд - Түркістан;

• Бұхара - Түркістан;

• Шахрисабз - Түркістан;

• Самарқанд - Бішкек;

• Бұхара - Бішкек;

• Самарқанд - Душанбе;

• Бұхара - Душанбе;

• Ташкент - Уфа;

• Ташкент - Краснодар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Өзбекстаннан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға 37 бағыт бойынша 196 автобус қатынайды.