Су жіберу сонымен қатар Павлодар облысындағы Әулиекөл көлдер жүйесін, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға бағытталды. Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадынан су жіберу аясында Қолыбаев массивінде Қазан, Саты және Малайсары ауылдық округтерінің аумағындағы шамамен 12 240 гектар лиман суландырылды.
– Павлодар облысындағы «Қазсушар» филиалы жыл сайын экожүйені сақтау мақсатында экологиялық су жіберулер жүргізеді. Бұл өңірдің қоршаған ортасы мен биологиялық әртүрлілігін сақтауға, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және облыс экономикасының дамуына ықпал етеді. Мұның бәрі жергілікті халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді, – деді Павлодар облысының «Қазсушар» филиалы директоры Арман Оспанов.
Айта кетейік, жұмысына салғырт қараған «Қазсушар» филиалдарының басшылары жазаланды.
Қазақстандық археологтар Павлодар облысынан сақ дәуіріне тиесілі қола пышақтар тапты.