2024 жылдың басынан бастап ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық өсімдіктер карантині орталығының филиалдары 36 карантиндік нысанды анықтаған.
«Сарапшылар ПТР әдісі бактериялардың немесе вирустардың тіпті бірлік жасушаларын анықтауға, басқа әдістермен (микроскопиялық, иммунологиялық, визуалды, жуу әдісімен) мүмкін болмаған жағдайда ауру қоздырғыштарының болуын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. ПТР әдісі әсіресе культивацияланатын, культивацияланбайтын және жасырын түрде дамитын микроорганизмдердің түрлерін диагностикадан өткізу үшін тиімді», — деп жазды АШМ баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда РӨКР базасында 8 ПТР-амплификатор бар, олардың көмегімен бактериологиялық, вирусологиялық және фитопатологиялық аурулардың ПТР диагностикасы белсенді жүргізіледі, 2025 жылға дейінгі кезеңде қалған карантиндік зертханаларды жарақтандыру үшін қосымша ПТР-амплификаторларды сатып алу жоспарлануда.