Биыл шетелдік танымал университеттердің филиалдары қай қалаларда ашылады
АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылы Қазақтан аумағында шетелдік қай жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады және олар көбіне қай өңірлерде орналасады? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді.
- 2025-2026 оқу жылында Қазақстан аумағында Астана қаласында Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің жанынан Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының, Cardiff University, Coventry University филиалдары, Шымкент қаласында Gazi University, Түркістан қаласында Woosong University, Алматы қаласында Anhalt, Талдықорған қаласында Politechnico della Marche, Қостанай қаласында Dong Eui university филиалдарын ашу жоспарланған, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел аумағында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық ынтымақтастықты дамытып, студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші академиялық хабқа айналдыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.