Биыл спорт колледжін олимпиадалық спорт түрлерінен 41 студент тәмамдады

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Республикалық спорт колледжінде бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Биыл колледжді олимпиадалық спорт түрлерінен 41 студент тәмамдады. Семсерлесу – 3 Дзюдо – 7 Таеквондо – 2 Еркін күрес – 4 Әйелдер күресі – 1 Грек-рим күресі – 8 Бокс – 10 Ауыр атлетика – 5 Жеңіл атлетика – 1 Колледж басшылығы түлектерді құттықтап, алдағы өмір жолында үлкен жетістіктер мен жеңістерге жетулеріне және биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Салтанатты іс-шарада жаттықтырушылар, ата-аналар мен спорт ұйымының өкілдері сөз сөйлеп, жастардың табандылығы мен спортқа деген адалдығына ризашылықтарын білдірді.

– Сіздер – отандық спорттың болашағысыздар. Колледж қабырғасында алған білім мен тәжірибе халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауға, сондай-ақ спортта да, өмірде де биік белестерге ұмтылуға сеп болсын, – деді колледж директоры Ислам Байрамуков.

Шетелдіктер неліктен Қазақстанның жоғары оқу орындарын таңдайтынын білгіңіз келсе, мына сілетемеге өтіңіз.