Биыл тау-кен саласында 6,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков биыл тау-кен саласында 23 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті.
- Биыл 23 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құратын, жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын1 90 өнеркәсіп жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Тау-кен металлургия саласында 6,5 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 444 млрд теңге болатын 28 жоба бар, - деді вице-министр.
Оның ішінде мынандай ірі жобалар бар:
- Қарағанды облысындағы тік тігісті болат құбырлары және алюминий радиатор жобалары;
- Түркістан облысындағы алюминий профильдерін өндіру;
- Ақмола облысындағы алюминий бұйымдарын шығару;
- Павлодар облысындағы ферроқорытпа өндірісі;
- Жамбыл облысындағы катодты мыс өндіру жобалары.
Айта кету керек, елімізде алтын қымбаттап, бір грамының бағасы шамамен 56 527 теңгеге жетті.