— Біз қазірдің өзінде нақты фактілерге ие болып отырмыз. Жыл аяғына дейін Тұран жолбарысының алғашқы күшіктерін аламыз деп үміттеніп отырмыз, — деді министр Бақ өкілінің сұрағына берген жауабында.
Ерлан Нысанбаев биыл Ресейден тағы бірнеше Тұран жолбарысы әкелінетінін еске салды.
— Ақпан айында ресейлік әріптестерімізбен кездесу өтті. Бұл Тұран жолбарысын қалпына келтіру бағытындағы өзара серіктестік жөніндегі меморандум аясындағы жұмыс тобының бірінші отырысы болатын. Біз ресейліктерге өзіміз дайындаған инфрақұрылымды көрсеттік. Өзара түсіністік бар. Биыл тағы 3-4 жолбарыс әкелеміз деп ойлаймын. Осылайша Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтірудің толық ауқымды бағдарламасына кірісеміз, — деді министр.
Бұған дейін де Ресейден Балқашқа 3-4 жолбарыс әкелінетінін жазған едік.