Биыл Ұлттық қордың табысы қандай

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биыл 10 айда Ұлттық қорды инвестициялық басқарудан қанша табыс түскенін атады.

— 10 айдың қорытындысында инвестициялық басқарудан алып отырған табыстың көлемі — 8,1 млрд доллар. 12 пайыз деңгейін алатын болсақ, 12 пайыз доллармен табатын табыс болып саналады. Сондықтан меніңше, инвестициялық басқару табысты жаман емес, — деді Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге алынған.