Оған биыл федерация тарапынан ұйымдастырылатын көптеген спорттық шаралар енгізілген. Олардың қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, жазғы Азия ойындары бар. Сондай-ақ World Boxing өткен жылдағы секілді әлем кубогын өткізуді жоспарлап отыр. Үш кезеңге созылатын жарыс жыл соңында Өзбекстанда түйінделеді.
- 8-15 наурыз. World Boxing Futures Cup 2026 U19. Бангкок, Таиланд.
- 28 наурыз -11 сәуір. Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Улан-Батор, Моңғолия.
- 20-26 сәуір. World Boxing. Әлем кубогы, I кезең (ерлер мен әйелдер). Фос-ду-Игуасу, Бразилия.
- 15-20 маусым. World Boxing әлем кубогы, II кезең (ерлер мен әйелдер). Гуйян, Қытай.
- 23 шілде-2 тамыз. Достастық ойындары (ерлер мен әйелдер). Глазго, Шотландия.
- 15-26 қыркүйек. Бокстан Еуропа чемпионаты (ерлер мен әйелдер). София, Болгария.
- 19 қыркүйек-4 қазан. Азия ойындары (ерлер мен әйелдер). Айти–Нагоя, Жапония.
- 10-17 қазан. Панамерикалық бокс чемпионаты (ерлер мен әйелдер). Пуэбла, Мексика.
- 31 қазан-13 қараша. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары. Дакар, Сенегал.
- 25 қараша -2 желтоқсан. World Boxing. Әлем кубогы, финалдық кезең.Ташкент, Өзбекстан.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы бас бас бапкері міндеті енді Нұржан Насановқа жүктелді.