Биыл жаңартылмалы энергия өндіру көлемі арта түсті
11:13, 30 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы негізгі көрсеткіштердің өсуі тіркелді.
Есептік кезеңнің соңында ЖЭК нысандарының жиынтық белгіленген қуаты 3082,12 МВт-ты құрады, оның ішінде:
- жел электр станциялары – 1570,05 МВт;
- күн электр станциялары – 1222,61 МВт;
- шағын су электр станциялары – 287,685 МВт;
- биоэлектр станциялар – 1,77 МВт.
ЖЭК нысандарында өндірілген электр энергиясының жалпы көлемі 1961,6 млн кВт·сағ-ты құрады, оның ішінде:
- жел электр станцияларымен – 1417,19 млн кВт·сағ;
- күн электр станцияларымен – 373,503 млн кВт·сағ;
- шағын су электр станцияларымен – 170,253 млн кВт·сағ;
- биоэлектр станцияларымен – 0,652 млн кВт·сағ.
Елдегі жалпы электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК үлесі 5,93%-ды құрады.
- 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ЖЭК нысандарында электр энергиясын өндіру көлемі 11,4%-ға өсті. Бұл Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторының тұрақты даму үрдісін көрсетеді, - деп жазды Энергетика министрлігінен.
Айта кетейік, Абай облысында оқушы гидроэлектростанция жасап шықты.