- Біз жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың өзара байланысын күшейтудеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Самұрық-Қазына» қорымен бірлескен шаралар мысалында көрсетейін. Қордың портфельдік компанияларында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқудан және өндірістік практикадан өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы форматпен 4 мың 300-ден астам студент қамтылды. Дуалды оқыту тау-кен ісі, энергетика, IT, электр техникасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу бағыттарын қамтиды. Оқу бағдарламаларын жұмыс берушінің талабына сәйкестендіру мақсатында оқытушылардың өндірістік тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылып жатыр, - деді С. Нұрбек.
Оның айтуынша, өткен оқу жылында 100-ден астам оқытушы өндірістік тағылымдамадан өтті. Алдағы оқу жылында тағы 100 оқытушыны кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өткізу жоспарланған.
- Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Шамаман 600 білім алушы қабылданады. Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады. «Самұрық-Қазына» өзінің 100 қызметкерін MBA AI X бағдарламасында оқытады, - деді министр.
Бұған дейін мемлекеттік грантта оқыған түлектерге қойылатын талаптар өзгергенін жазған едік.