Биылғы Азия ойындарында тасжолдағы велоспорттан еліміздің намысын үш спортшы қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM - Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тізімге сәйкес ерлер құрамасының сапына үш спортшы енді: Алексей Луценко, Евгений Фёдоров, Николя Винокуров.

Биылғы Азия ойындарында отандастарымыз 160 шақырымға топтық жарыста ел намысын қорғайды. Сондай-ақ Алексей Луценко уақыт үшін өтетін жарыстың жекелей сынында бақ сынайды.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Осыған дейін еліміздің қазіргі бессайыстан Қытайдағы әлем чемпионатын аяқтағаны туралы жзадық.