Жиында еңбек нарығындағы ахуал туралы баяндама жасаған вице-министр Эльдар Күзенбаевтың сөзінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады.
-Жұмыспен қамту қызметін дамытудың басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің жеделдігін, атаулылығын және сапасын арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, – деді ол.
Ал вице-министр Виктория Шегай өз баяндамасында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
-Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу тетігін енгізу жалғасып жатыр. Бүгінде куәландырулардың 45%-дан астамы осы форматта өткізіледі. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту заңнаманы жетілдіру, цифрлық сервистерді енгізу, оңалту инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік бақылау тетіктерін күшейту арқылы кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр, – деді Виктория Шегай.
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық трансформациялау барысы туралы вице-министр Бақтияр Жазықбаев баяндады.
-Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау тетігі енгізілді. Мемлекеттік қызметтердің тоғыз түрі бойынша қызмет көрсету мерзімі бір күнге дейін қысқартылып, еңбек шығындары оңтайландырылды, сондай-ақ өтініштерді қарау барысында жіберілетін қателіктер саны едәуір азайтылды, – деді ол.
Отырысты қорытындылаған Асқарбек Ертаев алдағы кезеңде ерекше назар аударуды талап ететін бағыттарды айқындады. Олардың қатарында медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын арттыру, оңалту орталықтарының құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау және өңірлік жұмыспен қамту жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бар.
-Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нәтижелі әрі үйлестірілген жұмысты қамтамасыз ету маңызды. Қажетті шешімдерді уақытылы қабылдап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру және қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету – басты міндет, – деп атап өтті министр.
Отырыс қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелері, комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын, сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.