Бильярд клубының қызметкері мекеменің 1 миллион теңгесін ұрлап кеткен

None
АҚТӨБЕ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында орналасқан бильярд клубтарының бірінде 19 жасар қызметкер мекеменің 1 млн.-нан астам теңгесін жымқырып кетті.

 Қылмыстық іс Ақтөбе қаласы №2 сотымен қаралды.

 Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірім мекемеде ешкімнің жоқ екенін пайдаланып, сейф тұрған бөлмеге кіріп ақшаны алып кеткен.

 Кейін ол шұғыл түрде  Алматыға аттанып, ақшаны оңды-солды жұмсаған. Бірнеше күннен кейін Ақтөбеге қайта оралған.

 Сот мәжілісінде ол өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты.

 Соттың үкімімен сотталушы мүлкінің тәркіленуімен қатар 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтейді.