Бильярд ойыны қай жастағы адамдар үшін пайдалырақ?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бильярд пен сыра кәрілікке қарсы күресуге көмектеседі екен. Бұл жасы 70-тен асқандар үшін маңызды. Мұндай шешімге даниялық антрополог Аске Лассер келген.

Копенгагеннің қарт адамдарға арналған екі орталығында өткен зерттеу бильярд ойынының егде жастағылар үшін тамаша ермек екенін көрсетті. Себебі ол соққылар арасында ұзақ демалысты қажет етеді, деп хабарлады Informing порталы. Ал сыра болса, ойын кезінде адамдардың көңіл-күйін көтеріп, бір-бірімен араласуына көмектеседі.

Лассен ДДСҰ-ның сыраны кез келген жаста белсенді болуды қалайтындарға бильярд ойыны кезінде ресми түрде ұсынуына болады дейді.