Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) өткен шарада спортшы демеушісі - MEZZ жапондық фирма жасап берген 537 сантиметрлік кийін көрсетті. Ол таяқпен сегіз шар кіргізді, деп хабарлайды UPI.
Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері бес метрлік аспапты ойнауға жарамды әлемдегі ең ұзын кий деп таныды. Әдетте тастаяқтың ұзындығы 160 сантиметрден аспайды.