деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаныбек 4-5 есебімен 1/8 финалда Ильдар Мингазитдиновтан, ширек финалда Әлихан Қаранеевтен, ал жартылай финалда Ярослав Тарнавскийден басым түсті. Ал Ернар 1/8 финалда ресейлік Андрей Фрейзені, ширек финалда қырғызстандық Қубанычбек Сағындықовты, жартылай финалда қазақстандық Икрам Ахметовты ұтты. Оған дейін 1/16 финалда Қаныбек Сағынбаев ресейлік Владислав Осьмининді, Ернар Чимбаев қазақстандық Дәурен Орынбаевты жеңген еді. Ал оған дейінгі іріктеу кезеңінде Ернар Чимбаев армениялық Армен Габриеляннан, Қаныбек Сағынбаев қазақстандық Нұркен Сүйкембаевтан басым түскен болатын.